ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Turantimes.kz Уәлидің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Бас Прокуратураның сайтында Бас Прокурорының орынбасары Булат Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі жарияланған. Онда карантиндік режим мен бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларына қарамастан бірқатар азаматтар отандастарын 6 маусымда заңсыз жиналыстарға шақырып жатқандығы айтылған. Бас Прокурорының орынбасары азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Turatimes.kz.
Қазақстан Ұлттық Банкінің мәлімдеуінше, банктер карточкамен төлем қабылдау үшін алынатын комиссия мөлшерін төмендетті.
Елімізде енді пияз, қырыққабат және сәбізді сыртқа шығаруға шектеу алынып тасталды.
Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен видеобайланыс арқылы кеңес өткізді. Онда Жайық өзенінің қазіргі жағдайы сөз болды.