RSS лента

Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады...

  • 28.04.2025, 11:19,
  • 251
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Президент белгілі ғалымның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты. 

– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
Фото: taulik.kz
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости