Бұл туралы Petrocouncil.kz мәлім етті. Айта кетейік, Махамбет Жолдасқалиұлы бір кездері "Ембімұнайгаз" АҚ басқарды, ҚМГ басқарма төрағасының ірі жобалар бойынша орынбасары, Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Ал, соңғы қызметі – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің бас директорының орынбасары.