RSS лента

Президент Қала құрылысы туралы кодексті қайта қарауды тапсырды

  • 07.02.2024, 11:23,
  • 157
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Отырыста Үкімет халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, инвесторлар үшін жобалық-сметалық құжаттарды бекіту тәртібін барынша жеңілдету керектігі айтылды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Аталған кодекс бойынша  бірқатар сарапшылар мен кәсіпкерлерден Мемлекет басшысының атына өтініштер келген. Айтып жатқан шағымдары: қазіргі Кодекстің жобасы қойылған талапқа сай келмейді, бұрыннан бар нормалар ұсынылған, жаңа тәсілдер мен шешімдер жоқ. Сондықтан, Тоқаев Кодекстің жобасын қайтадан мұқият қарап, жетілдіруді тапсырды. 


Құрылыс саласында үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелердің бары ескеріліп, Үкіметке тапсырма берілді. 


"Азаматтар үнемі шағымданып жатады. Алайда, құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек". - деді Президент. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости