RSS лента

Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

  • 08.12.2023, 14:30,
  • 316
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен сөйлесті, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.


Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости