Мемлекет басшысы танымал Meet the Drapers реалити-шоуының бір эпизодын Қазақстанда түсіру туралы бастаманы құптады.
Кездесу барысында венчурлық капитал мен стартаптар индустриясын дамыту мәселелері, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.
Тим Дрейпер өз компаниясының венчурлық капиталды дамытуда бай тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Draper Fisher Jurvetson компаниясы Орталық Азия өңіріне, атап айтқанда, Қазақстан нарығына зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.