Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады
- 05.07.2023, 14:31,
- 538
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: akorda.kz
Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.
Хабарламада Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма бергені туралы жазылған.