Полицияға Өскемен қаласының 82 жастағы тұрғыны хабарласып, оның үйдегі телефонына белгісіз әйелдің қоңырау шалғанын айтқан. Облыстық ПД мәліметінеше, өзін зейнеткердің қызы ретінде таныстырған ол жол-көлік оқиғасына ұшырағанын айтып, мәселені шешу үшін ақша қажет деп сендірген. Осылайша алаяқ қарт әйелді алдап, ақша беруге көндірген. Зейнеткер өз пәтерінде бейтаныс ер адамға қаражатты қолма-қол берген. Алаяқтардың әрекетінен келтірілген шығын 1 500 000 теңгені құраған.
Полицейлер бейнебақылау инспекторларымен бірлесіп, күдіктіні жедел түрде анықтады. Ол – өзге облыстан келген 22 жастағы азамат екені белгілі болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу әрекеттері жалғасуда.
Полиция департаменті тұрғындарды абай болуға, әсіресе қарт кісілерге ерекше назар аударып, сөйлесіп тұруға шақырады.

