RSS лента

Ер адам баласымен бірге сотталып кетті

  • 15.10.2025, 19:02,
  • 74
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Есірткі затын заңсыз сатқаны үшін әкесі мен баласы сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сот үкімімен 58 жастағы әкесі мен 20 жастағы ұлы алдын ала сөз байласып, адамдар тобымен аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін сотталған (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3) тармақтары). Істің материалдарына сәйкес, сотталған У. шаруа қожалығында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтаған. Оларды өткізу мақсатында сатып алатын адамдар тауып, есірткі затының әр килограмын 180 000 теңгеге, жалпы 12 килограмын 2 160 000 теңгеге сатуға келіскен. Бір-екі күннен кейін тағы есірткі затын дайындап қоюға уәде берген.

 

Келесі күні әкесі баласына есірткі заттарын сатуға дайындап қойғанын, оның сыртын қаптауға көмектесуді сұраған.

 

Артынан ұлымен сатып алушыларды көлікпен ауылда орналасқан дәмхананың алдынан шаруа қожалығына алып келуді, есірткі затын өткізген соң кері жеткізіп тастауға келіскен.

 

Кейіннен сатып алушылар шаруа қожалығына келіп, У.-дан 3 дана орамдағы есірткі затын, жарты ақшасына – 1 млн теңгеге сатып алған.

 

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, есірткі затының қалған бөлігін сатып алу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды ұстаған.

 

Оқиға болған жерден 12 720 гр.-нан аса ірі мөлшерде есірткі заты табылған, ал шаруа қожалығының үй-жайынан 13 дана қаптар тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 600 гр.-нан аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» табылған.

 

Сот отырысында әкесі өз кінәсін жартылай мойындаған, ал баласы кінәсін мойындамай, әкесінің есірткі затын сатумен айналысып жүргенін білмегенін айтқан.

 

Сот үкімімен екеуі 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

 

Жамбыл облыстық соты қорғау жағының шағымымен үкімді қайта қарап, үкімнің ұлына қатысты бөлігін өзгертіп, оның әрекеттерін қылмыстың жасалуына жәрдемдескен деп қайта саралаған (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).

 

Көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау талаптарын қолданып, 20 жастағы сотталушыға қатысты қолданылған жазаны 4 жылға дейін азайтқан.

 

Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

 

Осылайша, есірткі затының заңсыз айналымы үшін отбасының екі мүшесі бас бостандығынан айырылды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости