RSS лента

Жамбылда мемлекеттік табиғи парк пайда болды

  • 21.08.2025, 11:08,
  • 58
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – «Мерке» құрылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды. Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған. «Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде» Қазақстанның Қызыл кітабына енген барыс, арқар, үнді жайрасы мен түркістан сілеусіні сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді.

 

Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтардың және БҰҰ Даму бағдарламасы халықаралық серіктестердің көпжылдық бірлескен еңбегінің нәтижесінде бой көтерді.

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғи ресурстарды ұтымды басқару мен экожүйелерді сақтау жолындағы маңызды қадам.

 

Парк экотуризмді дамытуға, экологиялық білім беруге және халықты тұрақты табиғат пайдалану ісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц