Негізгі көлік магистральдарының қиылысу нүктесінде бола отырып, жобалық қуаты жылына 115 000 ЖФБ болатын терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына және Қазақстанның ең ірі импорттық хабына айналады. Терминал көлік байланысын күшейтеді және логистикалық шығындарды азайтады.
Ашылу күні терминалға Сиандағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді.
Іс-шараға "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Шэньси провинциясы (ҚХР) партия комитеті хатшысының орынбасары, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқалар қатысты.
Терминал аумағында салтанатты ашылу аясында стратегиялық ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті нығайтудың белгісі ретінде екі ел өкілдері ағаш отырғызды.
Анықтама үшін айта кетейік, терминалдың жалпы ауданы 9,8 га. Контейнер алаңы 9200 м2 құрайды және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға арналған. Қойма үй - жайларының ауданы 23 400 м2-ге жетеді, коммерциялық автокөліктерге арналған тұрақ аймағы-8 900 м2.