RSS лента

Жанаталап ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болмақ

  • 16.04.2025, 00:04,
  • 69
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау облысы Атырау қаласына қарасты Жанаталап ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жоба «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қаңтар айында басталған, ал оны 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Спорт кешені – заманауи екі қабатты ғимарат, бір уақытта 150 адамға дейін қабылдай алады.

 

— Мұнда спортпен айналысу мен салауатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалады. Ішкі кеңістікте ерлер мен әйелдерге арналған жаттығу залдары, күрес және бокс залдары, сондай-ақ баскетбол мен волейбол жаттығуларына арналған әмбебап зал қарастырылған, – деді жоба үйлестірушісі Ануар Есіркепов.

 

Жалпы өткізу қабілеті – бір ауысымда 135 адам:

  • Әмбебап ойын залы – 78 адамға дейін;
  • Күрес залы – 17 адамға дейін;
  • Бокс залы – 16 адамға дейін;
  • Жаттығу залы – 24 адамға дейін.

 

Ішкі инфрақұрылымнан бөлек, кешеннің айналасын абаттандыру қарастырылған. Аулада жүгіру жолы, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ далада жаттығу құралдары орналасатын болады.

 

Қазіргі таңда кешен аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жаңа спорт кешені — бұқаралық спортты дамытуға, халық денсаулығын нығайтуға және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды әлеуметтік нысан болады.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости