RSS лента

"Дені сау ұлт", "Білімді ұлт" жобалары неге тоқтатылды?

  • 23.11.2023, 11:08,
  • 217
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Премьер-Министрге ұлттық жобаларға қатысты сұрақты сенатор Жанна Асанова қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 8 ұлттық жоба жойылады. Олардың қатарында: "Дені сау ұлт", "Білімді ұлт", "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу" және басқалары бар. Бұл жобалар қойылған міндеттерді орындап, барлық көрсеткіштерге қол жеткізгендіктен аяқталды ма әлде одан әрі пысықтау мен жетілдіру талап етілгендіктен тоқтатылды ма?


Үкімет басшысының жауабы бойынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау бойынша кешенді жұмысы жүргізілді. Ұлттық жоба болып нақты әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған құжат толығымен қаржыландырылған болып есептеледі. Осыған байланысты 3 ұлттық жоба бекітілді: "Жайлы мектеп", "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" және "Қолжетімді Интернет". Тиісінше, бұрынғы 10 ұлттық жоба қысқартылды. 


Осылайша, сапалы бағдарламалық құжаттар қабылданып, қаржыландырылуы Заңмен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. Іске асырылуының барысы Үкімет деңгейінде қоғам мен бизнес өкілдерінің қатысуымен талқыланып отыратын болады. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости