RSS лента

Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

  • 14.11.2023, 17:05,
  • 279
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Жоғарғы Сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.

Асламбек Мерғалиев келесі жайттарға тоқталды: 

- сот жүйесінің қазіргі қызметі;


- Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) 3 кассациялық сот құру моделіне оң баға берілгенін айтты;


-Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынды. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән беретінін жеткізді;


- әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтты. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости