RSS лента

Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстан Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады

  • 10.07.2023, 12:26,
  • 284
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.


Хабарламада, Президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растағаны айтылды.


Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости