Атап айтқанда, Агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.