RSS лента

Беларусь басшысы өкілеттігін үкіметке берді

  • 24.07.2021, 17:03,
  • 457
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысты өкілеттігінің бір бөлігін үкіметке және жергілікті билікке тапсырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Президент функцияларының мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысты бөлігі үкімет пен жергілікті билік органдарына өтеді. Мемлекет басшысы Александр Лукашенко 22 шілдеде тиісті № 4 Декретке қол қойды» делінген президенттің ресми сайтында.

 

Құжат «Беларусь Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру туралы» 1998 жылғы 20 наурыздағы №3 Декретке өзгерістер енгізеді.

 

Осылайша, Беларусь Республикасының меншігіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ашық акционерлік қоғамдарды жекешелендіру процесінде құрылған акциялардың қосымша шығарылымдарының эмиссиясын келісу жөніндегі президент функциялары үкіметке берілді. Егер олар әкімшілік-аумақтық бірліктерге тиесілі болса, облыстық атқарушы комитетке және Минск қалалық атқарушы комитетіне ұсынылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости