– Атырау облыстық сотымен апелляциялық шағым қаралып, сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты. «Теңізшевройл» ЖШС-не салынған жалпы сомасы 2 826 278 481 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлдар сол күйінде қалды. Бүгінде қаулы заңды күшіне енді, - дейді облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралова.
Айта кетейік, биыл экология департаментіне Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды шығару, рұқсат етілген нормативтерден асып кету және жер бүлдіру деректері анықталғаны көрсетіліп, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған. Осыған орай, Департаментпен «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337 баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолданды. Жылыой аудандық сотымен жоғарыда аталған істер біріктіріліп қаралып, нәтижесімен соттың 27.07.2023 жылғы қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.