RSS лента

Еуразия кеңістігінде не болып жатыр???

  • 08.10.2020, 03:03,
  • 1 019
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Соңғы уақытта Еуразия құрлығында орын алып жатқан саяси қақтығыстарға қатысты белгілі саяси сарапшы Ғазиз Әбішев "ABISHEV ANALYTICS" телеграм-каналында өз ойын білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Егер еуразиялық кеңістікте орын алып жатқан айтулы қақтығыстарды бір арнаға тоғыстыратын болсақ, төмендегідей формула тізіліп шыға келеді:

Беларусь: өткен ғасырдан бері бір саяси күш  еш ауысымсыз билік басында келеді;

Карабах: алаңсыз өмір сүріп отырған ұлттық азшылық аяқ астынан өздерін қысымшылық көріп жатырмыз деп санап, тарихи отанының көмегімен қайта тірілді;

Қырғызстан: оппозиция әділетсіз парламенттік сайлауға риза емес.

Тіпті, осындай саяси тәуекелдері бар мемлекеттерде қандай қиыншылықтар жасырынып жатқанын елестетудің өзі қиын. Және де, егер дағдарыс бола қалса (Болмай-ақ қойсын! Авт.), бұл елдердің ертеңі не болатынын болжап білу тіптен мүмкін емес. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости