RSS лента

Партиялар тынысы: "Ауыл" & "Бірлік"

  • 11.09.2020, 23:49,
  • 1 031
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әлеуметтік желі

"Ауыл" партиясы "Бірілкпен" бірігетін болды ма? Бұған қатысты саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Turan Times.

Әзірге билеуші партияның праймеризі үстемдік құрып тұрғанда, парламенттік емес ойыншылар шағындау бір драманы бастан кешіріп үлгерді.

 

Анықталғандай, 2020 жылдың наруызында «елеске» айналған «Бірлік» партиясы өзара бірігу жөнінде "Ауыл" партиясына ұсыныс жасаған екен. Бұған "Ауыл" партиясы өте сақтықпен қарағанға ұқсайды. Сөйтіп, арнайы комиссия құрады. Нәтижесінде, "Бірлік" партиясының белсенділігі төмен екендігі және онымен бірлесу ешқандай пайда бермейтіні белгілі болды. Ақыры, "Ауыл" бірігуден бас тартты. 

 

«Ауыл» төрағасы Али Бектаевты түсінуге болады: қалай болғанда да, ол Сенатқа енді ғана қайта сайланды емес пе? Алты жылдық су жаңа  мандатқа ие болып, Сенаттың аграрлық мәселелер жөніндегі Комитетін басқаруды жалғастыруда. Ал, «Бірлік» президенттік сайлауда өзінің үміткерін де ұсынған жоқ.  

 

Өз кезегінде «Бірліктің» төрағасы Серік Сұлтанғали бірлестікке байланысты саяси келісімсөздердің нәтижесіне «аса бір қажеттілік емес еді» деген бағытта жауап берді. Сондай-ақ, партия қайта құрылатынын және өз бетінше жұмыс жасай беретінін жеткізді.

Оставить комментарий
Последние новости