RSS лента

Мен коронавируспен қалай күрестім?

  • 09.07.2020, 10:10,
  • 2 764
  • 0
  • Автор: NTleukesh

«Үй жағдайында ковидпен қалай күресу жолдары жөнінде жеке тәжірибемнен бірнеше сәттерді атап өтуге болады». Белгілі блоггер Ғазиз Әбішев өзінің «ABISHEV ANALYTICS» атты телеграмм-каналында коронамен күрес бағытындағы тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жеке тәжірибесімен бөліскен белгілі журналист бәрінен бұрын учаскелік дәрігермен байланысқа шығу қажеттігін алға тартады. Бірақ, бұл да қазір қиынға соғып тұрғанын жасырмайды.


«Егер сіздің жасыңыз 40-қа дейін және физикалық қозғалыстың болмауынан, темекіден, ішімдік пен артық салмақтан денсаулығыңыз нашарлап кетпеген болса, коронаның алғашқы белгілері пайда болғанда (қызудың көтерілуі, жөтел, бұлшық еттердің сырқауы), егер шектен тыс жағдайлар орын алмаса, кәсіби медициналық көмек қолжетімсіз кезде келесі кеңестерді ұсынамын:


-дене қызуы 10-11 күн бой сақталуы мүмкін, соған дайын болу қажет, оны күніне бірнеше рет өлшеп және жазып, динамикасын бақылап отырған жөн;


-тыныш күйдегі тыныс алу жиілігін өлшеп және жазып отыру. «Тыныс алу және шығару» – бір қозғалыс болып есептеледі. Минутына 8-12 рет тыныс алу, бұл – қалыпты жағдай, ал, 20-дан жоғары болса – демікпе;


-күніне бірнеше мәрте сұйықтықпен (тұз бен сода) вирустың қақпасы саналатын – тамақ пен мұрынды шаю;


-ыстыққа қарамастан киініп алу және су, шай мен сорпа ішу-ішу-ішу, содан соң литрлеп терлеу-терлеу-терлеу;


-С дәруменінің қуатты мөлшерін тек дәрілерден ғана емес, лимон, мандарин, апельсин, құлпынай мен басқа да жеміс-жидектерден қабылдау;


-38 градусқа дейінгі дене қызуын қолдан түсірмей, ағзаның өзінің күресуіне мүмкіндік берген жақсы. Ал, қызу одан жоғарыласа, парацетамол немесе оны алмастырғыш дәрілерді ішу;


-егде жастағы ер адамдарға өкпенің ұйып қалмасы үшін арнайы препараттар арқылы қанды сұйылту маңызды;


-егер тұрақты түрде ұйқысыздыққа қатысты мәселелер туындаса, мелатонинді қолдануға болады, ол ұйқы кезінде ағзаны қалыпқа келтіреді» дейді Ғазиз Әбішев мұның ғылыми дәлелденбегенін қаперге бере отырып.


Бірақ, айтуынша, көктемгі ауыз бекіту, түйсікке салса, оң әсер еткенге ұқсайды: салмақтың азаюы, секердің төмендеуі, ағза төзімділігінің артуы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости