RSS лента

Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпаратқа орай әкімдік пікір білдірді

  • 16.01.2020, 14:59,
  • 16
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Павлодар облысының әкімдігінде Болат Бақауовтың ұталғанын растайтын бірде-бір ресми мәлімет жоқ екені аталып өтті. Бұл туралы әкімдіктің ресми Instagram-парақшасында хабарланды.​

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әкімнің ұсталғаны және тергеліп жатқаны жайлы аудиожазбалар мен хабарламалар тарауда.​


«Қазір бұл ақпаратты растайтын ешқандай ресми дәйек жоқ. Ресми ақпарат жарияланғанға дейін қорытынды жасамауды сұраймыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілерде барлық ақпараттан құлағдар етуге тырысамыз», - делінген хабарламада.​


Еске сала кетсек, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҰҚК-мен Бақауов пен көмекшісінің дәл жұмыстағы жиналыс үстінен ұсталғаны жайлы мәлімет тараған болатын. Хабарламада әкімдік ғимараты қоршауға алынғаны айтылған еді.


View this post on Instagram

БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз. В СМИ, социальных сетях и мессенджерах распространяются аудиозаписи и сообщения о якобы задержании и допросе акима Павлодарской области. На данный момент нет никаких официальных подтверждений этой информации. Просим воздержаться от выводов до появления официальных данных. Мы постараемся держать вас в курсе событий в наших социальных сетях. Пресс-служба акима области

A post shared by Павлодар (@pavlodar_region) on


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости