RSS лента

Блогерлерді бақылап отыру қаншалықты дұрыс?

  • 20.10.2020, 20:59,
  • 1 138
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: "ABISHEV ANALYTICS"

Арнайы заңдардың күшімен блогерлердің қызметін бақылауға алған мемлекет тыныштала қоймайтын секілді. Бұл туралы саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өзінің "ABISHEV ANALYTICS" телеграм-каналында жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл бағытта келесі мәселелерді атап өткім келеді:

 

  • Блогер блогерге ұқсамайды. Желіге тұтастай жайылған жобалар бар (мәселен, YouTube пен Instagram каналдарында). Басқаша айтқанда, бұлар ғаламторды пайдалана отырып хабар таратып отырған телерадиоканалдар десе де болады. Бірақ, бұдан бөлек, сол Telegram, YouTube, Instagram мен Twitter желісі бойынша тұрақты жұмыс жасап және тегін пайым-пікірін білдіріп отыратын сан саланың кәсіби мамандары мен сарапшылары да бар емес пе? Олар да өз кезегінде бүгінгі күннің ең маңызды деген мәселелерін талқылап, сараптамалық сүзгіден өткізуге үлкен үлестерін қосып жүр. Міне, сондықтан осы екі топтың қызметін бір ғана ережемен реттеу – әділетсіз.

 

  • Саяси сегмент. Ағымдағы күн тәртібін талқылау, айталық, АҚШ-та бұл – күн сайын белгілі-белгісіз қоғамдық-саси тұлғалардан келіп түсетін мыңдаған твиттер мен жылына он миллиондаған пікір. Ендеше, осыншама ағым, шындығына келсек, реттеуге келе ме және бұл не үшін қажет?

 

  • Соңғы 2-3 жылда қазақстандық әлеуметтік желілерде белгілі бір тақырыпта тұрақты түрде пікір білдірушілер қатары күрт өсіп кетті. Егер мемлекет солардың әрқайсысынан блогер ретінде ресми тіркелуді талап етсе, онда бұл сөз бостандығын лицензиялаумен бірдей болар еді. Бірдеңе айтқың келе ме? Лицензия ал, төлемақысын жаса да, жаза бер. Сырт көзге оғаш көрінеді.

 

Түйін:


Блогердің бәрін БАҚ-пен теңестіру дұрыс емес. БАҚ-та құқықтар жиынтығы бар: мемлекеттік ақпараттық тапсырыс (жеңіл табыс), мемлекеттік органдарға сұраныс жолдау құқығы (сол сұраныстарға меморгандардың жауап беру міндеттемесімен), митингтер мен басқа да көпшілік шараларға қатысу құқығы. Әлеуметтік желідегі блогерлер мен каналдар осындай құқықтарға ие болғысы келсе, тіркелсін.   

 

Бос уақытында мемлекеттен ештеңе сұрамастан пікір білдіретіндер мемлекеттің араласуынан арылуы керек.  


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости