RSS лента

Ресей азаматтық беруді барынша жеңілдетіп жатыр

  • 13.10.2020, 14:16,
  • 1 484
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресей азаматтығын алу енді жеңілдей түсті. Бұл туралы саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өзінің "ABISHEV ANALYTICS" телеграм-каналында жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Енді ресейлік төлқұжатты Ресейде кәмелетке толған балалары тұратын шетелдіктер, соның ішінде қазақстандықтар да ала алады. Яғни, бұл үшін Ресейде бұрынғыдай бес жыл тұру міндетті емес.

 

Басқаша айтқанда, мәселен, белгілі бір дәрігер немесе инженер баласын ресейлік техникалық жоғары оқу орнына білім алуға жіберді делік. Ол оқуын аяқтаған соң сол жерде қалып қойды да, азаматтық алды. Ал, ата-анасы Қазақстанда жұмыстарын жалғастыра береді. Енді оларға Ресейдің төлқұжатын алу анағұрлым жеңілге түседі. Бұл өз кезегінде көші-қон үрдісін жеделдете түсері анық.


Қалай болғанда да, бұдан ешкім де ұтылмайтын секілді. Елден кеткісі келіп жүргендерге де, сол үрдістің тездетілгені елге тиімді болады деп ойлайтындар үшін де тиімді бола түспек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости