RSS лента

Ұялы байланыс операторларына 28 күн сайын төлем жасауға тыйым салынады

  • 05.12.2019, 08:50,
  • 102
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Байланыс операторларына бір айдағы күндердің санына қарай тариф құнын өсіруге тосқауыл қойылмақ. Бұл туралы «Ақжол» партиясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Атап өтілгендей, түзетулер енгізілген жобаға сәйкес, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бұйырығында (№171, 2015 жыл, 24 ақпанынан) «Алдын ала төлемге негізделген тарифтік жоспарды есептеу аралығы сол тарифке қосылған уақыт пен келесі айдың сәйкес мерзімін қамтиды» деген қосымша пайда болуы мүмкін.


Министрлікте түсіндірілгендей, «бұл норма ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың 22 қарашадағы 17-6/3448 бұйрығымен енгізіліп отыр. Сондай-ақ, байланыс операторларының 28 күндік тариф жоспарын іске қосуына қатысты абоненттерден түсетін шағымдарды болдырмау – басты мақсат. 


Осы орайда, тарифтік жоспар мерзімі нақтыланып жатыр. Жоспарға қосылған күннен бастап абоненттің жеке шотынан ақша алына бастайды. «Егер абонент тарифтік жоспарға айдың соңғы күні қосылған болса, ақшаның алыну мерзімі келесі айдың соңғы күніне белгіленеді» делінген ақпарттық хабарламада.


Еске сала кетейік, 20 қарашада депутаттар еліміздің Премьер-министр орынбасары Роман Склярға орын алуы мүмкін байланыс операторларының өзара баға келісіміне қатысты арнайы тексеріс жүргізуді сұраған болатын. Мәжілісте атап өтілгендей, Aktiv, KCell, Beeline биыл жаңа тарифтік жоспарға көшкен болатын. Соған сәйкес, абоненттік төлем төрт аптада бір рет алынады. Ал, бұрын ай сайын алынып келген еді. Енді әрбір ұялы қызмет қолданушысы жылына 12 емес, 13 рет төлем жасауы тиіс. Осылайша, «тиімді» тарифке көшу арқылы операторларға 38-55 миллиард теңге қосымша табыс түседі екен.

Оставить комментарий
Последние новости
     
Голосование
06.12.1916:30
Так чей же всё-таки Крым?  
   
Все новости