RSS лента

"Ақтөбе-Атырау-Астрахан" тасжолы қашан ашылатыны белгілі болды

  • 29.09.2021, 14:27,
  • 631
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы Қазақстандағы Батыс өңірінің автомобиль жолдарын дамыту мәселесі талқыланған онлайн жиында айтылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бүгінде «Ақтөбе – Атырау – Астрахан (Ресей)» автожолын реконструкциялау бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 833-853 шақырым учаскесінің 20 шақырымы пайдалануға берілді. 2021 жылдың соңына қарай 853-893 шақырым учаскесінің 40 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

 

Автожол 2023 жылы толықтай аяқталып, іске қосылады деп күтілуде.

 

Еске сала кетелік, республикалық маңызы бар автожол өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған.

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов онлайн форматта өткізген жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы міндетін атқарушы Самат Айтқалиев, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы өкілдері және Атырау облысына қарасты аудандардың әкімдері қатысты.

 

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости