RSS лента

Боратты сомдаған актер қазақстандықтарға жауап берді (+видео)

Автор фото: скриншот

"Боратқа" қатысты қазақстандық ұлтжандылардың наразылығына Саша Барон Коэннің өзі мен батыс жұрты қалай әсер етті? Бұл туралы саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өзінің "ABISHEV ANALYTICS" телеграм-каналында жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Борат-2» фильмін жарнамалау барысында Қазақстан Туы мазаққа ұшырады. Осыған орай қазақстандықтар көптен күткен еліміздің сыртқы министрлігі де жауап берді.

 

«Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы» делінген ресми хабарламада.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости